Фото: shutterstock

Қазақстанда көмір генерациясын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты — электр энергиясына сұранысты өтеу және энергетикалық жүйені жаңғырту, деп хабарлайды Kursiv media.

Жаңа құрылыс және қуаттылық
2030 жылға қарай жалпы қуаты 7,8 ГВт болатын нысандарды іске қосу жоспарланған. Бұл көрсеткішке 8 жаңа станция салу және жұмыс істеп тұрған 11 нысанды жаңарту есебінен қол жеткізілмек

Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын 8 нысан жаңадан салынады

  • Екібастұз ГРЭС-3: 2 640 МВт;
  • Курчатов КЭС: 700 МВт;
  • Жезқазған ЖЭО: 500 МВт;
  • Семей және Өскемен ЖЭО: әрқайсысы 360 МВт;
  • Қарағанды ЖЭС: 350 МВт;
  • Көкшетау ЖЭО: 240 МВт;
  • Екібастұз ЖЭС: 180 МВт.

Жоба аясында қолданыстағы станцияларды жаңғырту арқылы жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету көзделген. Бағдарлама өнеркәсіп пен цифрлық инфрақұрылымның өсуін энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған. 

Биыл Қазақстанның қуат көздерінен қосымша 2,64 ГВт энергия өндіру жоспарланған. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар 2027 жылдың басында энергия тапшылығын біржола жойып, 2029 жылға қарай еліміздің энергия экспорттаушы мемлекеттер қатарына қосылуына жол ашпақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!