Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 18:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610-шақырымы аралығында (Новостройка ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Ал 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 788-906-шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы;
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 970-1135-шақырым аралығы, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы;
- «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217-шақырым аралығы, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788-шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы – Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
- Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1206-шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы.
Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!