Қазақстанның бірнеше қаласында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалар түсті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Қазақстанның бірқатар қаласындағы түрлі объектілерде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген» деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі салынған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!