Синоптиктер 12 ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мамандардың мәліметінше, тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болмайды. Республиканың қалған бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі.

Еліміздің шығысындағы таулы аймақтарда қарлы боран соғады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жел күшейеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!