Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
«2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 108-232 шақырымына (Әулиекөл ауданы – Ақмола облысы шекарасы), Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 8-108 шақырымы, (Тобыл қаласынан – Әулиекөл ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 16 желтоқсанда сағат 17:00-де Ақмола облысында мына жолдарға шектеу қойылды:
- Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
- Жақсы-Есіл-Бұзылық 71-82 шақырымы, Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;
- Жезқазған-Петропавл 536-553 шақырымы, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін;
Жолдарды 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!