Фото: Үкімет
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Қазақстанның ғарышқа ұшатын төртінші азаматы әйел болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Біз ғарышқа тағы бір азаматымыз ұшқанын қалаймыз. Ол әйел адам болса тіптен керемет, – дейді министр Sputnik Казахстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Қазақстан бұл мәселе бойынша «ірі компаниялармен және елдермен» келіссөздер жүргізілуде. Министр ғарышкер ұшыру арзан болмайтынын айтты.
Бүгінгі таңда, әр түрлі бағалаулар бойынша, бір ғарышкерді жіберуге шамамен 40-60 миллион доллар қажет, – дейді Жасұлан Мәдиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!