фото: ашық дереккөзден алынды
Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады. Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең «күшті» құжат саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақ елдері арасындағы көрсеткіштер:
– Қырғызстан – 71-орын,
– Өзбекстан – 72-орын,
– Тәжікстан – 78-орын,
– Түрікменстан – 84-орын.
Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады.
Тізімнің көш басында – Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз сапарлай алады.
Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 бағыт).
Ал ең шектеулі төлқұжаттар Ауғанстан, Ирак және Сирия азаматтарына тиесілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!