Sputnik. Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті су саласында еңбек етіп жүрген мамандарға арналған қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген мамандар магистратура мен докторантураға оқуға түсе алады. Магистратура бағдарламасы бойынша Венгрияның Обуда университеті немесе Корвинус университетінің дипломын да алуға мүмкіндік бар», – деді министрлік.

Ал докторантурада “Индустриялық PhD” бағытында мамандар даярланады.

Айта кетері, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр Тараз қаласында ашылған болатын. Бүгінде оқу орнында 400-ден астам студент білім алып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!