Фото: aa.uz

Қазақстандықтар енді Вьетнамда 1 ай визасыз жүре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим 25 мамырдан бастап күшіне енді.

«Келісім бойынша екі елдің азаматтары үшін визалық талаптар алып тасталды. Енді азаматтар келген күннен бастап 30 күн жүре алады. Яғни әр алты айда 90 күн Вьетнамда болуына рұқсат», – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

2023 жылы тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барып, визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. 

Қазақстандықтар Вьетнамда визасыз жүре алады, вьетнамдықтар Қазақстанда шекарадан өткен күннен бастап 30 күн және 6 айда барлығы 90 күн бола алады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойғаныайтылды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!