Фото: oholodov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тағы бір ұялы байланыс операторының сатылуы туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Бұл байланыс нарығындағы монополияны тоқтату үшін жасалып жатыр дейді мамандар.

«Мемлекет Tele2 активін сатты. Біз Kcell активін де сату мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Осыған дейін 4 ұялы байланыс операторы болған еді. Бәсекелестік те жоғары болатын. Біз нарықты бұрынғы қалыпқа келтіргіміз келеді”, – бәсекелестікті дамыту агентттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов.

Еске салсақ, осыған дейін Kcell ұялы байланыс операторын жекенің қолына беру ұсынылғанын жазғанбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!