Болжам бойынша, сәуір айында республиканың солтүстігінде, батысында және орталығында температура жоғары болады деп күтілуде. Бұл егістіктерде қардың белсенді еруіне ықпал етеді және топырақтың құнарлы қабатының кебуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты жаздық дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімі келесідей болжануда: Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында мамырдың бірінші және екінші онкүндігінде; Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында мамырдың бірінші және екінші онкүндігінде, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында сәуірдің аяғында, оңтүстік облыстарда наурыздың ортасы мен сәуірдің басында, тау бөктерінде мамырдың басында.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.qazaqparat.kz/kz/kazgidromet-koktemgi-egis-egu-naukanynyn-bolzhamdy-merzimin-usyndy_a3915483
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!