«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері антициклонның әсерінен ауа райы жылы болады. Қазақстанның батыс және таулы облыстарында құрғақ және ашық ауа райы күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы бірте-бірте жылынады.

«Солтүстікте ауа температурасы күндіз 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін, оңтүстік облыстарда 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады. Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында 15-23 градус жылы, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 5-13 градус жылы болады», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!