7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнінене орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы мен №60 мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы Қызылорда қаласында орналасқан Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қызмет атқаратын қызметкерлері мен Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген жас буын сарбаздарын атаулы мерекемен құттықтады.«Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез – келген сыртқы күштен қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілерге арналған. Осыған орай, баршаңызды осы атаулы күнмен құттықтаймын», – деді ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы.Аталған шарада басқа мемлекеттер аумағында ұрыс қимылдары қатысушылары мен мүгедектері аймақтық – қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша төрағасы Нурмаханов Зейнулла, 5547 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдукаримов Ерлан құттықтау сөз айтты.Өз сөзінде ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы: «Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік – жігер, таусылмас бақыт тілеймін! Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспін» – деді. Мерекеге орай әскери қызметшілер мен ардагерлерге ҚР ҰҰ Басқолбасшысының, Қызылорда қаласы әкімінің, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының, ҚАЖД №60 мекеме бастығының, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының және 5547 әскери бөлімі командирінің мерекелік алғыс хаттары табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!