Фото: «ҚазМұнайГаз» АҚ

Ақтауда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты, деп хабарлайды KAZINFORM.

ҚазМұнайГаздың бүгінгі жасыл желек отырғызу бойынша экоакциясы Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 28 кәсіпорынды қамтыды. Астана, Ақтау, Атырау, Шымкент, Орал және Жаңаөзен қалаларымен бірге іргелес елді мекендердің және кен орындарының аумақтарында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, бүгінгі шараға «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 1400-ден астам қызметкері қатысты.

ҚТЖ
Фото: «ҚазМұнайГаз» АҚ

— «ҚазМұнайГаз» ауқымды экологиялық акцияға белсенді қатысып, елімізді көгалдандыруға өз үлесін қосуда. Бүгін ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері бір мезгілде еліміздің әр түкпірінде 10 мыңнан астам ағаш отырғызды», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.

ҚТЖ
Фото: «ҚазМұнайГаз» АҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бүкіл республика бойынша жыл сайын жоспарлы түрде жасыл желек отырғызуды жүзеге асыруда. ҚМГ-ның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде биыл көктемде 27 мың ағаш отырғызылды. Бүгінгі таңда егілген жасыл желектің жалпы саны 37 мыңнан асты.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы сәуір айының басында ҚазМұнайГаздың ұйымдастырумен Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 15 мың гектар алқапқа 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

ҚТЖ
Фото: «ҚазМұнайГаз» АҚ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!