Коллаж: ulysmedia.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жері толығымен мемлекеттік меншігіне өтті. Бұл туралы әлеуметтік желіде депутат Бақытжан Базарбек ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не дейді

Базарбектің айтуынша, “Жер аманаты” республикалық жер комиссиясы аясында Алматы қаласы жер ресурстарын басқару департаментінің талап арызымен КазҰУ-дың заңсыз кеткен жері іс сотта қаралған. Базарбек Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы қаулысы мен бірқатар сатып алу-сату шарттары 2024 жылы Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық соты шешіміне сәйкес заңсыз деп танылғанын хабарлайды.

– Міне бүгін Алматы қаласының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырып, КазҰУ-дың көлемі заңсыз 0,7168 га жерінің (кадастрлік нөмірі: 20-313-009-029) қаулысы мен сатып алу сату шарттарын заңсыз деп таныды, – дейді ол.

Енді жер үстіндегі 10 қабатты бизнес орталығын Тимур Құлыбаевтың компаниялары КазҰУ университетіне беруі тиіс. Мұны Мәжілістің жалпы жиналысында мәжілісмен бас прокурорға үндеу жасағанда ескерткен.

Жер қалай жекеге өтіп кеткен

Былтыр Бақытжан Базарбекке мәжіліс кулуарында бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жер дауына байланысты сұрақ қойылған еді. Мәжілісмен әлі күнге дейін жер қайтарылмағанын сол тұста айтқан. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жер дауына әлі нүкте қойылмай келе жатқанын бұған дейін Азаттық радиосы жазған. Биыл Алматы сотының жерді оқу орнына қайтару туралы үкімі күшіне енген. Бірақ миллиардер Тимур Құлыбаевтың компаниясы мен жер ресурстары департаменті тағы соттасып жатыр. 

Әл-Фараби атындағы ұлттық университет жерінің Әл-Фараби даңғылымен шектесетін оңтүстік бөлігінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі компания «Atlas development» заманауи бизнес орталық салып жатыр. Бизнес орталық бой көтерген жер телімі бұрыннан жеке меншікте. Ал құрылысқа арналған қоршаудың ішінде, ғимараттың айналасында тұрған учаскелер университеттен қала әкімдігіне өтіп, әкімдік оны жеке компанияға жалға берген. Жалпы аумағы – 0,8 гектар. Онсыз ғимаратты салу, ашу мүмкін емес.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!