Қызылорда қаласында жол көлік инфрақұрылымын дамыту және қала тұрғындарының негізгі мәселелерін шешу мақсатында 2022 жылы соңғы үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы 100 дана автобус жеткізілді. Осы қоғамдық көліктер қалаішілік 6 бағыттарда халыққа қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап тоқтап қалған 22 бағыт қайта жандандырылды. Қазіргі таңда 22 бағыт Бәйтерек тұрғын ауданы мен Тасбөгет кенті аралығында жолаушылар тасымалдауда.
Биыл қаламызда жылжымалы құрам көбейтілетін болады және бұл автобустарды бағытқа қосарда қалаішілік маршруттардың сызбалары тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың орналасқан аймақтарын ескере отырып, қайта қаралады.
Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстарды қала әкімдігі үнемі назарда ала отырып, жұмыстарды жалғастыратын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!