Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,57 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473,91 теңге.
Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,45 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңге болса, сатып алу құны – 475 теңге.
Ресей рублі 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!