Астанада 8 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орналасқан жеріне әкету іс-шарасы басталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әскери техника теміржол көлігімен де, өзін жүргізу арқылы да тасымалданады. Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!