Желіде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды  StopFake.kz порталы.

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қостанайда ресейлік әскери техника жүргені туралы хабар тараған.

Қорғаныс министрлігі Желіде жарияланған бейнежазбада Байқоңырдың іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің Ресейдегі тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілгенін атап өтті.

«Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды», – делінген ведомство хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ «Союз МС–19» кемесі қонған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!