Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі 23-34 қарашада Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды, – делінген ресми хабарламада.

Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейтіні атап өтілді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!