Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Еуропалық Одаққа мүше 17 мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кездесу өтті.
Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті – 85 жылдық тарихы бар оқу орны. Ол студенттерге 66 бакалавриаттық 66 білім беру бағдарламаларын ұсынады. 34 магистратура бағдарламасын орындап отыр. 30 елде 125 халықаралық серіктестері бар. Университет халықаралық стандарттарға сәйкес дамуын жалғастыруда. Ал бүгінгі жиын білім ордасының білім беру саласындағы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын арттырады деп сенім білдіремін» деп атап өтті.
Мұнан соң Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Янкаускас Кестутис, Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Салмон Бал сөз алып, білім ордасымен ынтымақтастықты арттыру, студенттер мен оқытушылардың білімін жетілдіру іс-шараларын қолдайтынын айтты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен білім ордасының болашақ дамуын, зияткерлік капиталды ұлғайту, инвестициялық әлеуетті арттыру, Қызылорда облысының аграрлық технологияларын, экология, агроөнеркәсіптік кешен, су ресурстары және басқа да салаларда кадрлар даярлауда бірлесіп жұмыс істеуді мақсат етіп отыр.
Фото: Университеттің медиа орталығы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!