Фото: media center
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа 50 орындық асхана мен өңір жастарына арналған BIC (business incubation center) коворкингі ашылды
Жаңа нысанның тұсаукесер рәсіміне Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова, университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Қалиев пен университеттің ардагері, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров және университет ұжымы қатысты.
Жаңа асхана бір уақытта 50 адамды қабылдауға арналған. Білім алушылар мен оқу орны қызметкерлерінің денсаулығы және жайлылығы үшін заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жаңа асханада тек дәмді әрі пайдалы тағамдармен ғана емес, жайлы әрі тыныш атмосферада сабақ оқуға да мүмкіндік бар.
BIC коворкингі 500 шаршы метр аумақты қамтиды. Орталық технологиялық кәсіпкерлік, IT, инновациялар және жасанды интеллект бағытында білім мен дағдыларды дамытуға зор мүмкіндік ұсынады. Онда 35 аса қуатты компьютер, LED панель, интерактивті панель, 500 Мб/сек жылдамдықтағы жоғары сапалы интернет сынды жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған. Коворкинг орталығында конференц-зал, ашық жұмыс кеңістігі (open space), GameDev center, Digital creativity, Hardware және CyberSport, ас бөлмесі орналасқан.
Коворкингтің басты мақсаты – жастарды технологиялық кәсіпкерлікке баулу, заманауи құралдарды тиімді пайдалануға үйрету және олардың идеяларын жүзеге асыруға көмектесу. Асхана мен коворкинг орталық бас оқу ғимаратының жанынан салынған жаңа нысанда орналасқан. Қазіргі таңда университетте заманауи инфрақұрылымды дамытуға арналған жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде оқу орнында атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыруға, білім алушылар мен қызметкерлерге ыңғайлы жағдай жасауға арналған
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!