2024 жылдың 12 маусымында «Times Higher Education» халықаралық рейтингтік компаниясының нәтижесі жарияланды.

Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан жасалып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеушілікті көрсетеді.

Рейтингке 125 елден 2152 университет кірді. Германия университеттері әлемдік көшбасшы болып табылады. Ең көп ұсынылған университеттер Үндістан, Түркия және Пәкістан.

Қазақстан рейтингте 26 жоғары оқу орнымен ұсынылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (10 ЖОО) 3 есеге жуық артық.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет осы рейтингте жаһандық University Impact Rankings-2025 индикаторы бойынша нәтиже көрсетті.

University Impact Rankings – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес университеттерді бағалайтын әлемдегі жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингі.

Рейтинг қорытындысы бойынша БҰҰ жоспарының тұрақты даму мақсаттары негізінде университетіміз:
10-мақсат. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.
11-мақсат. Тұрақты қалалар мен елді мекендер
16-мақсат. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар
17-мақсат. Тұрақты даму үшін серіктестік бойынша көрсеткіштерін жақсартып, әлемдегі 1501+ үздік ЖОО-лар қатарынан орын иеленді.

Дереккөз, фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!