Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов 4 күннен соң аймақта су тасқыны болатынын мәлімдеді. Айтуынша, Наурыз мерекесі қарсаңында ауа райы жылынып, қардың еруі болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімнің орынбасары брифингке видео байланыс арқылы шықты. Өйткені ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетовпен бірге Арқалықта жүргенін айтты.
“Су тасқыны 4 күннен кейін ауа температурасының +17 градусқа дейін көтерілуіне байланысты болады деп күтілуде. Наурыз айында су тасқынының жоғары деңгейі болады. Бәлкім сәуір айының басына дейін болады”, – деді Таңжарықов.
Дегенмен әкім биыл бір жыл бұрынғыдай ауқымды су тасқыны болмайтынын жеткізді.
“Біздің су қоймаларымызды толтыру көлемі 881 миллион текше метрді құрайды. Бұл жалпы көлемнің 63% құрайды. Ресейден келетін су ағыны мен егістіктерден келетін тасқын көлемін ескерсек 360 миллион текше метр болады. Салыстыру үшін, өткен жылы Тобыл бассейніне 1,8 миллиард текше метр су түскен. Егер осы сандарға сүйенсек, онда 360 миллион текше метр суды қоймаларымыз қабылдай алады.
Сонымен қатар, біз «Қазсушар» және «Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясымен» бірлесіп қауіпсіз төгу жоспарын әзірледік. Үш кесте бекітілді. Бүгінде біз Қаратомар су қоймасынан секундына 10 текше метр санитарлық су ағызуды жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы біз секундына 330 текше метрді тастадық. Яғни, егер 360 миллионнан астам су келсе, қауіпсіз қалып жасаймыз” – деді әкім орынбасары.
Таңжарықовтың айтуынша, әзірге су тасқыны Ресеймен шекарадағы Мариновка ауылына кіреберіс тас жолда ғана тіркелген. Басқа жолдарда су басу қаупі әлі жоқ.
“Халық арасында Торғай қақпасы деп аталып кеткен трассада мәселелер болды. Қазір бұл туннельдер бұзылып, жол тазартылды. Қазір жол ашық. Басқа жолдарда су басу тіркелген жоқ”, – деп қосты ол.
Журналистер сондай-ақ Сарыкөл ауданындағы Қараба және Крыловка ауылдарының тұрғындарының алаңдаушылығын атап өтті. Олар осы уақытқа дейін қауіпсіз деп саналған көлдер тола бастаған.
“Осы көлдерді толтыру бойынша инженерлік жұмыстар аяқталды. Бұл сақтық шаралары. Олар Обаған өзенінің бассейнінде орналасқан. Қарасу ауданында өткен жылы пайда болған еріген суларды бұру үшін ұзындығы 30 км канал қазылды. Бұл елді мекендерге жақын. Сондықтан біз алдын алу шараларын өткіздік. Барлығы бақылауда”, – деді Ермағамбетов.
Сондай-ақ, Ермағамбетовтың айтуынша, Ресейдегі қар қоры Қостанай облысындағыдай. Үлкен судың шетелден келу қаупі әзірге жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!