Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Қаза тапқандардың арасында жас дәрігер, стоматолог Сәлима Жутаева бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 желтоқсанда Embraer ERJ-190 ұшағында болған алты Қазақстан азаматының есімдері ресми түрде жарияланды. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар.

Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген. Сәлима Жутаева трагедиядан үш күн бұрын Instagram парақшасында әзербайжан тілінде «Сен жаңбырдағы күн сияқтысың» деп жазба жариялаған.

Сәлима Жутаеваның парақшасында оның стоматолог екені және саяхаттауды ұнататыны жазылған. Сондай-ақ, оның өміріне байланысты Қостанай мен Грозный қалалары аталады. Қыздың парақшасында кәсіби қызметін көрсететін көптеген сурет бар.

Марқұмның оқырмандары оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!