Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин зейнетақы мен жәрдемақының өсуіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуімен зейнетақы және жәрдемақыны индекстеу үшін 600 млрд теңге бөлінеді.
Жаңа Салық кодексі аясында біз ҚҚС мөлшерлемесі өссе, қосымша 2,5% инфляция болатынын айттық. Бұл бізге зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге мүмкіндік береді. Иә, ол да (бюджет қызметкерлерінің жалақысы – ред.) бар. Инфляцияның өсуі индекстеуге негіз болып саналады, – деді Азамат Әмрин.
Нақты параметрлер 2026 жылы республикалық бюджетті жоспарлаған кезде белгілі болады.
Ведомство басшысы бұл мақсатқа 600 млрд теңге бағытталатынын нақтылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!