Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиын барасында Қызылорда облысында өндірілетін мұнай қорының көрсеткіші мен елді мекендерді табиғи газбен қамтылу жайы баяндалды.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері тарапынан толғандырған сауалдарына жауап берді. ҚР Энергетика министрі Болат Оралұлының айтуынша, бүгінде Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 66,5 пайызды құрайды. Сәйкесінше, 550,8 мың адам табиғи газбен қамтылған. Газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ «ҚазақГаз» компаниясының қаражаты арқылы жүргізілуде. Бүгінде Қызылорда облысында жиынтық қуаты – 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істеп тұр.

Биыл Қызылорда облысында электр қуаты – 240 МВт болатын жылу электр орталығын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыруға құны – 215,1 млрд теңге қаржы көзделіп, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл жоба іске асырылса 700 млн.кВт тапшылықты жоюға мүмкіндік болады.

Қызылорда облысы мұнай өндіру көлемі бойынша 5-ші өндіруші аймақ болып табылады. Өңірдің мұнай өндіру үлесі ел бойынша 6,14 пайызды құрайды. Былтыр мұнай өндіру көлемі – 4,3 млн.тонна болса, биылғы жылдың 4 айында 1,4 млн.тонна мұнай өндірілген. Аймақта игеріліп жатқан кен орындарының басым бөлігінде мұнай өндірудің табиғи төмендеуі байқалады. Өңірлерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында былтыр Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында 4 жоба жүзеге асырылды. Аталған жоба арқылы 3 елді мекен немесе 24 мың адам табиғи газға қол жеткізді. Биыл жалғасатын 1 жоба мен 6 жаңа жобаны қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен газдандыруға 3,7 млрд.теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Осыған сәйкес, Бірлік және Қыраш елді мекендерін газдандыру бойынша 1 жоба аяқталады. Төретам және Ақай елді мекендерін, сондай-ақ Сексеуіл, Махамбет және Наурыз кенттерін газдандыру бойынша қалған жобалар 2023 жылға ауысатын болады, -деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Қызылорда қаласындағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау мекемелерінде 20 аудандық қазандық жылу энергиясын береді. Станцияның негізгі жабдықтарының 82 пайызы тозған. Ал облыстағы «Қызылорда» Өңірлік электр желілік компаниясында» 10 056 км кабель және әуе электр беру желілері арқылы жұмыс істейді. Мұнда электр желілерінің 69 пайызы ескірген.

-Қызылорда қаласының тұрғындары үшін электр энергиясының кепілді жеткізушісі – «Энергосервис» ұйымы және облыс бойынша – «Шиелі Жарығы» және «Дәулетэнерго» ұйымдары болып табылады. 2019-2021 жылдары 5 қазандыққа және 3 газ турбиналық қондырғыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!