Жылына 40 тоннаға дейін өнім өндіретін кәсіпорын көксерке секілді балық түрлерін терең өңдеумен айналысады.

Заманауи зауыттың құрамында шикізат қабылдау мен өңдеу цехтары, мұздатқыш қоймалар, асхана мен жатақхана қарастырылған. Бұл – аймақтағы балық шаруашылығының әлеуетін арттыратын стратегиялық нысан.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден «Aral SeaFood» балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Зауыттағы кездесуде депутатқа Арал теңізі мен көлдер жүйесіне жыл сайын 15 миллионнан астам шабақ жіберу арқылы су биоресурстарын қалпына келтіру жұмыстары баяндалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!