ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Елшілігі өкілдерінің Киевке қайтып барғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қазақстанның Украинадағы Елшілігі өкілдерінің Киевке қайтып брағаны туралы мәлімет тараған болатын. Осыған байланысты ҚР Сыртқа істер министрлігі түсініктеме берді. «Біздің елшілік Львов қаласында өз жұмысын жалғастыруда. Елшілік ғимаратын күзету және оған күтім жасауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің бірі Киевке жіберілді», – делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 130 мыңға жуық адам келді, оның 120 мыңы кері оралған. Ал Украинаның 3481 азаматы елде жүр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!