Қазақстан Республикасының Су ресурстары және Ирригация министрі Н.Молдиярұлының Сыр еліне келудегі басты мақсаты Дүниежүзілік Банктың аймақтық директоры Н.В. Самехпен және арнайы өкілдерімен кездесу. «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын жүзеге асыру.

Арал ауданы, Көкарал бөгетінде министр алдымен Банк өкілдерімен кездескеніне қуанышты екендігін жеткізді. Содан соң, жобаның облыс үшін ғана емес, әлемнің экологиясы үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Кездесуде жобаның жан-жақтылығы, өңір үшін өзектілігі, теңізді сақтаудың маңыздылығы, екі жақты келісімнің, жобаның қолдау тапқандағы нәтижелігі талқыланды.

Н.В. Самех жобаға қызығушылық танытып, қолдау көрсететінін, жүзеге асыру арқылы экологиялық мәселені шешуге атсалысатынын жеткізді.

Бүгінде Арал теңізіне жіберілген су көлемі едәуір ұлғайып, 2022 жылмен салыстырғанда судың көлемі 24,3 млрд. текше метрге жетіп, 5,8 млрд. текше метрге көбейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!