Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өтетін «Қазақстан Республикасының үздік еңбек адамы» атты республикалық патриоттық байқауына өз мамандықтарының хас шеберлерін, еңбек адамдарын қатысуға шақырамыз.
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды.
Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал, – деп атап өтті.
Осы ретте Тәуелсіздік жылдары адал еңбек етіп, өз мамандығының хас шебері атанып, елеуді еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, ұлт жанды, мемлекетшіл ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген азаматтар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып бірге жіберу қажет. Сондай- ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар elorda_01@mail.ru электронды почтасына 2025 жылдың қаңтар айының 30-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына төмендегі марапаттар табысталады:
- «ҚР ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» төсбелгісі;
- «ҚР ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» статуэткасы;
- Куәлік;
- Құрмет грамотасы;
- Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атынан Алғыс хат табысталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: elorda_01@mail.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: +7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62,
+7 778-742-74-40, +7 778 742 74 40
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні | |
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы | |
Қызмет орны атауы, лауазымы | |
Еңбек өтілі | |
Байқау атауы | ҚР үздік еңбек адамы |
Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото | |
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері |
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!