Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыт бойынша қатынау жиілігі артады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусым-қыркүйек айларында мына бағаттағы пойыздар қатынайтын болады:

  • №253/254 «Астана – Достық»  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
  • №207/208 «Алматы – Жаланашкөл»  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
  • №211/212 «Алматы – Достық»  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
  • №221/222 «Алматы – Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
  • №457/458 «Семей – Достық» пойызы күнара қатынайды.
  • №459/460 «Өскемен – Достық» пойызы күнара қатынайды.
  • «Алматы – Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  • «Қызылорда – Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  • «Павлодар – Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  • №201/202 «Астана – Алматы» пойызы күн сайын жүреді.
  • №203/204 «Астана – Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!