Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде HILL Corporation ЖШС мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттікке сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-ЖТ» локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей, арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыда-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады.

БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған болатын. Алайда, 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы сот қаулысына сәйкес, жергілікті соттардың HILL Corporation  ЖШС мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қатысты Агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді. Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асты, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!