15 қараша күні Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында студент жастар арасында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі өткізген шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Іс-шара «QUIZ-2025» атты интеллектуалды сайыс форматында қалалық жастар орталығының ғимаратында өтті. Студенттер топ болып әртүрлі тапсырмаларды орындап, құқықтық сауаттарын сынады.

Қатысушылар командалық жұмыс арқылы құқықтық білімдерін жетілдіріп, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын талқылады.

«QUIZ-2025»: жастардың құқықтық білімін тексеру мақсатында интеллектуалды сайыс өтті
«QUIZ-2025»: жастардың құқықтық білімін тексеру мақсатында интеллектуалды сайыс өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!