Алматыда қажетті құрал-жабдықсыз жұмыс істеген электрикті қатты ток соғып, денесі бағана басында қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматының Түрксіб аудандық полиция бөлімі мегаполистің солтүстік бөлігіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында электриктің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Салдарынан қатты ток соғып, денесі бағанада қалып қойған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!