SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні жұма — 6 маусымға сәйкес келеді. Заң бойынша бұл күн ресми демалыс саналады.

2025 жылғы маусымда қалай демаламыз:

Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан — 6 маусымнан 8 маусымға дейін демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында 6 және 8 маусым — демалыс күндері, ал сенбі — 7 маусым жұмыс күні болып есептеледі.

Құрбан айт — мұсылмандардың ең басты мерекелерінің бірі, ол Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң атап өтіледі. Бұл күні мұсылмандар арнайы айт намазын оқып, құрбандыққа мал шалады. Сондай-ақ бұл мейрам қажылықтың — Меккеге жасалатын сапардың аяқталуымен тұспа-тұс келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!