Сурет: Telegram/Jogargy_sot

Астанада 2024 жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-де аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша он бесінші сот отырысы басталды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.

22 сәуірдегі сот отырысында залға БАҚ өкілдері қайта кіргізілді. Бұл туралы судья Айжан Құлбаева мәлімдеді. Экс-министр де телефонының құпия сөзін айтты. Сонымен қатар, сот залында танымал ресейлік журналист Ксения Собчак та бой көрсетті.

Айта кетейік, экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!