Фото: freepik

KAZINFORM – Қырғызстанда мобильді қосымшалар мен интернет-банкинг арқылы ақша аударымдары үшін комиссия алуға тыйым күшіне енді, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.

Қырғыз Республикасының Ұлттық банкінің хабарлауынша, 2024 жылғы 25 қарашада Ұлттық банктің коммерциялық банктер мен төлем ұйымдарына 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін мобильді қосымшалар және интернет-банкинг арқылы ақша аударымдары үшін жеке клиенттерден комиссия алуға тыйым салатын қаулысы ресми түрде күшіне енді. Тыйым Қырғызстан аумағында ұлттық валютадағы аударымдарға қатысты.

Атап өтілгендей, бұл шаралар қолма-қол ақшасыз төлемдерді ұлғайту, цифрлық банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, цифрлық төлем қызметтерін дамыту және мобильді қосымшаларды қолдануды танымал ету мақсатында қолға алынған.

Ақпаратты Kаzinform агенттігіне арнайы «Кабар» серіктес агенттігі ұсынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!