Фото: ҚР ТЖМ
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, гуманитарлық жүкке қырғызстандық сүт өнімдері тиелген. Атап айтқанда, 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.
«Жүкті жинауға қырғызстандық тұрғындар көмектесті, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді», – деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.
Еске сала кетейік, сәуір айының басында Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық жүк келді. Жамбыл облысына 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі келді. Жүк Қазақстанның төрт облысына бөлінген еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!