Дүйсенбі күні Гонконгте юань бағамы 2008 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті. Hang Seng China Enterprises индексі 7% астамға құлдырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

«Бұл Hang Seng China Enterprises индексі құрылғаннан бергі ең нашар нәтиже. Мұндай жағдай Қытай компартиясының съезіне келген Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы және президиум мүшесі Ху Цзиньтао залдан шығарылғаннан кейінгі келесі күні тіркеліп отыр.

Инвесторлар үшін төраға Си Цзиньпиннің мерзімі жоқ үшінші мандаты нарықтық негізде экономиканы дамытуға Бейжіннің қызығушылығы жоқ дегенді меңзейді. Ал Қытай Компартиясының басқарушылық органдарына С.Цзиньпиннің адал жақтастарының сайлануы, аталған көшбасшының айналасына билікті шоғырландыру аяқталғанын білдіреді», – деп жазылған сайтта.

Мәлім етілгендей, Alibaba, JD және Meituan сынды аса ірі технологиялық компаниялардың акциялары 11 % астамға құлдырады. Қытай басшылығы енді мемлекеттік компаниялардың есебінен дамуды қолға алмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!