Бұған дейін Қытайда пранк жасап басы дауға қалған блогер Аружан Айбековағаның үстінен әкімшілік іс қозғалды. Ол кезекті пранкі үшін тағы да полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Полиция Қытай мен Өзбекстанде әдепсіз пранк жасаған блогер қызға қатысты тексеру жүргізіп, оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша істі сотқа жолдады.
«Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады. Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады», – делінген хабарламада.
Полиция, қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін сол блогер Қытайда да ұқсас пранк жасап, қоғамда қызу талқы тудырған болатын. Сол кезде құқық қорғау органдары онымен профилактикалық жұмыс жүргізген еді.
Тіпті кешірім сұраған видеосын жариялаған. Бірақ тиісті қорытынды шығармаған іспетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!