Фото: pixabay.com

Сианьнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Туристік пойыздың жүруі «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді, – делінген мәліметте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!