Ауыл тұрғыны заңсыз қару алып жүрген Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 сәуір күні сағат 10:45 шамасында Жансейіт ауылының шетінде күдік тудырған 41 жастағы тұрғынды тоқтатқан.

Тексеру барысында ол өзімен бірге ІІО-да тіркеуде жоқ, қос ұнғылы, 16-калибрлі аңшы мылтығын алып жүргені анықталды. Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!