Қызылордада біреудің ауласынан 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлап кеткен адам ұсталды.

Облыс орталығының тұрғыны қалалық полиция басқармасына үйінің ауласында тұрған құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. Келтірілген шығын – 5 млн теңге. «Тәртіп сақшылары жүргізген іс-шара барасында осы әрекетке қатысы болуы мүмкін күдікті ретінде қаланың 45 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан. Ведомсто мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!