Жалағаш ауданындағы Қаракеткен ауылында газ баллонының жарылуы салдарынан баспана өртеніп кетті.

Ауылдағы оқыс оқиға түнгі уақытта болған. Үйдің ас бөлмесіндегі 50 литрлік газ баллоны жарылып, баспананың қабырғалары құлаған.

Түн ортасындағы жарылыстан отбасындағы 5 адам зардап шекті. Қазір 55 жастағы әйел мен екі баласы, сондай-ақ келіні денелері күйіп, ауруханада жатыр. Ал 4 жастағы бүлдіршін дәрігердің қарауынан кейін үйіне қайтарылған.

«Азаматша 55 жастағы ІІІ-А дәрежелі 26-30% терінің күюі, орта ауырлық дәрежелі, баласы ІІ-ІІІ дәрежелі 25% терінің күюі, орта ауырлық дәрежелі, келіні ауырлық жағдайы жеңіл дәрежелі, баласы ауырлық жағдайы орташа дәрежелі диагноздарымен жатқызылды, – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!