Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев экономикалық тергеп-тексеру органдарында орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысын өткізді.
иынға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Рашид Темірбеков Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымынан босатылып, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Аймақ басшысы Рашид Темірбекұлы қызмет еткен жылдары 9,5 млрд. теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды анықтап, оның 70 пайызын, яғни 6,5 млрд. теңгесін мемлекет мүддесіне өндіруге атсалысқанын тілге тиек етіп, аймақта атқарған зор еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Ал, жаңа лауазымға Бақыт Қайшыбеков тағайындалды. Өңір басшысы Бақыт Сапарғалиұлының жинақтаған мол тәжірибесін облыстағы экономикалық және қаржылық бұзушылықтардың алдын алуда, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауда және аймағымыздың дамуына өз тарапынан үлес қосады деп сенім білдірді.
Айта кетейік, Бақыт Қайшыбеков, білімі жоғары. Заңгер, бизнес және экономиканың бакалавры. 2007-2012 жылдар аралығында Қаржы полициясында әртүрлі қызметтерде, сондай-ақ, басшылық лауазымдарда қызмет еткен. 2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарды. 2019 жылдың маусым айынан бастап ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы ретінде, 2020 жылдан бастап Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу Департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!