Қызылорда облысының түзеу мекемелеріндегі 366 тұтқын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталғандардың жеке істері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның ережелері мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді және жаңартылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 366 сотталған адамға рақымшылық жасалды.

«Атап айтқанда, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің 81-і жазадан босатылып, 46 адам бостандыққа шықты, 35 сотталған адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 285 адамның 98-і негізгі жазадан одан босатылып, есептен шығарылды, есепке алынған 187 адамның жаза мерзімдері қысқартылды»,-деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!