Қызылорда облысында техникалық бұйымдар сататын сауда орталығына ұрлыққа түскен ер адам 6 млн теңгеге жуық шығын келтірді
Оқиға Арал қаласында орналасқан сауда үйінің бірінде болған. Белгісіз азамат сауда орталығы есігінің әйнегін сындырып кіріп, ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері – 5 млн 894 мың теңге.
«Оқиғаға сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3 бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті іздестіріліп, бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынды», – деді Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Шегебаев.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында биыл 288 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!