Қызылорда облысында биыл тұрғындардың өз өтініші негізінде қала және аудан аумағын аралау барысында азаматтарға қауіп төндірген 8 мыңнан астам қабаған ит ауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыста уақытша ұстау орындары мен панажайлар салуға 4,4 гектар көлемде 7 жер телімі нақтыланды. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу және инвесторлар тарту мәселесі қаралып жатыр.
Қаңғыбас иттердің санын реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Call-орталық жұмыс істейді. Арнайы бригада адамдар көп шоғырланатын жерлерде және мектеп аумақтарында бақылау жүргізеді. Әлеуметтік желілерде қараусыз және қаңғыбас иттерге байланысты жарияланымдар бойынша уақытында кері байланыс орнатылып, өтініш түскен аумақтарда арнайы қызмет тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.
«Биыл 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын (ит, мысық) міндетті тіркеу басталды. Осыған байланысты,үй жануарларын есепке алу бойынша ветеринариялық ұйымдар арнайы ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіліп, тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде арнайы ақпараттық жүйеде 32 ит тіркелді. Сонымен қатар облыс бойынша 32158 ит паспортталған. Қызылорда облысында биыл тұрғындардың өз өтініші негізінде қала және аудан аумағын аралау барысында азаматтарға қауіп төндірген агрессивті 8 мыңнан астам ит ауланды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық ветеринария басқармасынан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!