Сыр мешіттерінде оқылған айт намазына 22 000 адам қатысты.
Айтулы күнде ұйымдастырылған думанды той «Ораза айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз жүргізіліп, айт намазын оқудан басталды.
Бұдан кейін мереке әдеттегідей игі шаралар мен спорттық сайыстарға ұласты.
Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған берекелі күнде балаларға тәттілер таратылып, тұрмысы төмен отбасыларға қайымдылық көмек көрсетілді.
Ерлер жағы «арқан тарту», «қол күрес», «садақ ату», «асық ату», «ләңгі тебу», «турникке тартылу» секілді спорттық сайыстарға қатысып, бой сергітсе, қыз-келіншектер әйелдер бөлімі ұйымдастырған салтанатты жиыннан көңілді күйде тарқасты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!